Skip to content

Мектеп туралы

Әр адамның, ол хан болсын, қара болсын, бір айналып соғатын, өмір бойы тәтті сағынышпен еске алатын, тарыққанда да, торыққанда да арқа сүйеп, өзіме медеу болар дейтін қасиетті орны болады. Қазақта «қара шаңырақ» деген қасиетті, киелі атау бар. Кез-келген шаңыраққа теліне бермейтін бұл атаудың мәні мен мағынасын қаймана қазаққа түсіндіріп жату артық іс.

      Ауданымызда 1966 жылы іргесі қаланып, 50 жылдай сан мыңдаған жеткіншекті білім нәрімен сусындатып келе жатқан ұлы Абай есімімен аталатын мектепті ауданның білім беру саласының шаңырағы деп атауға әбден болады. Осы жылдар аясында, атап айтсақ, 1975 жылы М.И.Калинин  (қазір Ж.Қалдығараев атында) атындағы орыс мектебі, 1978 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі, 2005 жылы Үстірт орта мектебі бөлініп шықса,1993 жылғы мектептегі гимназия сыныптары негізінде 1998 жылы Бейнеу гимназиясы іргесі қаланғандығын ескерсек, бұл атаудың мәні бұдан әрі айқындала түсері сөзсіз.

      Ең алғаш «Горем-22» барақтарында жұмысын бастаған бастауыш мектеп кейін 1966 жылы 325 орынды №491 теміржол орта мектебі болып ашылды. Дәрістер орыс және қазақ тілінде жүргізілді.

        Мектепте 1966-67 оқу жылында 400-ге тарта оқушы оқып, 25 мұғалім ұстаздық еткен. Олардың арасында Ж.Ағатаев, А.Баймұханов – математикадан, Қ.Бақтыгереева қазақ тілі мен әдебиетінен, М.Нығметуллаев, Б.Алдоңғар тарих пәнінен, Ж.Тасмағанбетов орыс тілінен, М.Баймұңалов неміс тілі пәндерінен дәріс берген алғашқы мұғалімдер санатында. 1968 жылға дейін білім ордасының басшылық қызметін Салих Мунин Фатихұлы атқарған. 1968-1969 жылдар мектептің алғашқы түлектері арасында Байдығұлов Балтабай (марқұм), Салихаденова Күләш, Бисенов Сахи, Сомов Нұрлама болса, тұңғыш түлектерінің бірі Мұрат Амандықов бүгінде аудандағы сан салалы ісімен елге қызмет етіп жүрген «Сүйіндік» ЖШС-де бастықтың орынбасары болса, Нұрлан Рсымбетов Ақтөбе қаласындағы медициналық академияда ұстаздық қызметте, медицина ғылымдарының кандидаты.  1968-1972 жылдар арасында Елғондиев Рахим Көбенғалиұлы директор, 1969-1970 оқу жылында Шамханов Мұрат, Тыныштықов Ноғай, Қуанышбеков Болатхан, Төлегенов Мұрат, Ақбатыров Шуақ,  сынды түлектер ұлы өмір есігін ашып, бүгінгі таңда олар еліміздің әр саласында түрлі қызметте жемісті еңбек етуде.

1970-71 оқу жылдарын Шығанбаев Өтес, Базарбаева Ұштап, Баймұңалов Сайын, Азанов Ахунай, Ибрашев Тілепбайлар бастаған түлектер аяқтады. Ө.Шығанбаев бүгінгі таңда аудан орталығындағы Күйкен орта мектебінде директор, Ұ.Базарбаева білікті заң қызметкері, жеке нотариус мекемесімен халыққа қызмет көрсетіп отыр.

            1972-74 жылдар арасында басшылық қызметінде Есбосынов Жұлдызбай Болысбайұлы келді. Ол кезде мектепте 1000-1100 шамасында балалар орыс және қазақ тілдерінде білім алды.

                   1974-75 жылдары мектепті Кәрім Иренов, ал 1975-1982 жылдары Тәжімағанбет Жұбанов басқарды. Ол кезеңде мектептің материалдық-техникалық базасы жақсарып, диафильм, киноскоп, лингофондармен жарақтандырылып, Мәскеудегі көрмеге қатысты. Аудандық, облыстық дәрежедегі семинарлар ұйымдастырылып, мектеп тарихындағы алғашқы алтын иесі де осы кезде шықты.

                  1982-83 оқу жылында  Жауғашты Нәренбаев, 1983-89 жылдар арасында білім ошағын Рзаев Жеткізген басқарып, тәжірибелі ұстаздар ұжымы қалыптасып, түлектері қанаттарын қатайтып, ел игілігіне қызмет ете бастады. Осы мектепке басшылық еткен мектеп директорлар ішінде ең ұзақ мерзім педагогикалық ұжымға  ұйытқы болған, яғни 1989жылдан 2000 жылдар аралығында директорлық қызмет атқарған –Өтес Шығанбаев. Бір кездерде осы мектептің партасында отырып, орта білім алған кешегі шәкірт өз ұясының, өз ауылының ертеңгі  азаматтарын тәрбиелеуде елеулі істер атқарды.

                    Екінші мыңжылдықтың алғашқы үш жылын мектеп ұстаздары мен оқушылары Болысов Мырзабекпен бірге өткізді. 2003-2006 оқу жылдарында бір кездердегі осы мектептің озық оқушысы, көп жылдар бойы оқу ісі жөніндегі орынбасары болған Сәбит Қайралапов  басшылық жасады. 2008-2011жылдары Малбасов Молдахан, 2011-2015 жылдары мектепті Жаманбаев Қаныбек басқарған.2015жылдан бастап қара шаңырақты жаста болса білікті басшы Мансуров Қуан,2016-2019 оқу жылдарында осы мектептің түлегі Әділов Серік Кәрісбайұлы басқарса,2020 жылдан бері тәуелсіздіктің төл құрдасы Калжанов Олжас Жәңгірханұлы  басқарып келеді.

         Мектептен түлеп ұшқан шәкірттер  ұстаздар еңбегін ақтап, аға буын салған сара жолды абыроймен жалғап келеді деп айтуға болады. 50 жылдық тарихында алған білімінің үздік  нәтижесін көрсетіп, бүгінгі күні ауданымыздың, облысымыздың, республикамыздың  түкпір-түкпірінде, сондай-ақ шетелдерде жүрген мектеп шәкірттерінің ішінде елдің кемел келешегі үшін абыройлы қызмет істеп жүргендері қаншама? Осы білім  ошағын алтын және күміс медальмен бітірген оқушылар – біздің үлкен мақтанышымыз. Атап айтар болса: 1978 жылы Тұрғаналиева Зәмзәгүл, орта мектепті алтын медальмен бітіріп, мектеп абыройын асқақтатты. Бүгінгі күні дәрігерлік мамандығын алған ол селомыздағы ауруханалардың бас дәрігері.  1981 жылы Өтеева Салтанаттың білімі алтынмен бағаланып, қазіргі таңда Маңғыстау  облыстық санитарлық-қадағалау басқармасында басшылық қызмет атқарып келеді.1992 жылғы мектеп түлегі Қадырова Торғынның білімін ұстаздар қауымы үздік деп танып, алтын медаль иегері атанды. Ол қазір Түркия астанасындағы Гази университетін үздік тәмамдап, дүниежүзілік «Түрік сесі» радио телеведениесінің қазақ бөлімінің басшысы.

1970-71 оқу жылдарын Шығанбаев Өтес, Базарбаева Ұштап, Баймұңалов Сайын, Азанов Ахунай, Ибрашев Тілепбайлар бастаған түлектер аяқтады. Ө.Шығанбаев бүгінгі таңда аудан орталығындағы Күйкен орта мектебінде директор, Ұ.Базарбаева білікті заң қызметкері, жеке нотариус мекемесімен халыққа қызмет көрсетіп отыр.

            1972-74 жылдар арасында басшылық қызметінде Есбосынов Жұлдызбай Болысбайұлы келді. Ол кезде мектепте 1000-1100 шамасында балалар орыс және қазақ тілдерінде білім алды.

                   1974-75 жылдары мектепті Кәрім Иренов, ал 1975-1982 жылдары Тәжімағанбет Жұбанов басқарды. Ол кезеңде мектептің материалдық-техникалық базасы жақсарып, диафильм, киноскоп, лингофондармен жарақтандырылып, Мәскеудегі көрмеге қатысты. Аудандық, облыстық дәрежедегі семинарлар ұйымдастырылып, мектеп тарихындағы алғашқы алтын иесі де осы кезде шықты.

                  1982-83 оқу жылында  Жауғашты Нәренбаев, 1983-89 жылдар арасында білім ошағын Рзаев Жеткізген басқарып, тәжірибелі ұстаздар ұжымы қалыптасып, түлектері қанаттарын қатайтып, ел игілігіне қызмет ете бастады. Осы мектепке басшылық еткен мектеп директорлар ішінде ең ұзақ мерзім педагогикалық ұжымға  ұйытқы болған, яғни 1989жылдан 2000 жылдар аралығында директорлық қызмет атқарған –Өтес Шығанбаев. Бір кездерде осы мектептің партасында отырып, орта білім алған кешегі шәкірт өз ұясының, өз ауылының ертеңгі  азаматтарын тәрбиелеуде елеулі істер атқарды.

         Жарты ғасыр  тарихындағы  жыл ішінде ұстаздық қызметпен қатар, аудандық, облыстық іс – шараларда жүлде алып, мектеп жетістіктеріне өз үлесін қосып жүрген математика пәні мұғалімі Нургалиева Гулжихан, Айтымбетов Манарбек, тарих пәнінің мұғалімі Бекқалиева Сандуғаш , физика пәні мұғалімі Есенова Сауле, дене тәрбиесі мұғалімдеріЖолмұратов Сұңғат, Джингилбаев Нурлан , ағылшын тілі пәні мұғалімі Избасарова Гулбану, Кирбаева Гулфайрус, химия пәні мұғалімі Алмаганбетова Тиллектес, биология пәні мұғалімдері Нуриманова Айнур,Айытджанова Нурджамал сынды мұғалімдер – мақтанышымыз.

 «Жас келсе, іске» деген қағиданы берік ұстанып, сүйікті мамандығы бойынша ізденімпаздық танытып, жас та болса, өздерінің шығармашылықтарымен аудан көлемінде көзге түсіп жүрген Айтымбетов Манарбек, Спанова Маржан тағы да басқа жас мамандарды атап өтуге болады.

  Абай атындағы орта мектебінің педагогикалық ұжымы қазіргі заман талабына сай саналы білім беру проблемасымен жұмыс істеп келеді.

Осындай өнегелі өткені бар білім ордасында еңбек етіп жүрген білім ордасында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы  әрбір оқу жылы жемістеп аяқтап, жас түлектерді үлкен  өмірге қанат қақтыра  тұрып, көрікті келешекті  көргісі келеді.

           Өнегелі  білім ордасының  болашағы кемел болып, ел межесі елулік  жолында білім сапасын биіктете берері хақ.